2025 жылдың 16 мамыры күні Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде «Тірек мектебі – ауыл мектебінің даму драйвері» тақырыбында облыстық көшпелі семинары өткізілді.
📌Мақсаты: Тірек мектептердің ауыл мектептерін дамытудағы рөлін талқылау, табысты тәжірибелермен бөлісу, өзекті мәселелерді талқылау мен шешу жолдарын ұсыну.
Семинар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Жұбаева Светлана Онаевна, Ойыл ауданды әкімінің орынбасары Айдарбаев Мұратбай Болатұлы және мектеп директоры Жонысова Маржан Салімгерейқызының алғы сөзімен ашылды.
Алға,Әйтеке би,Мұғалжар,Қобда Хромтау,Мәртөк,Темір,Шалқар,Ырғыз,Қарғалы,Байғанин ауданынан келген қонақтарға 95жылдық тарихы бар қара шаңырақтың тарихы жасанды интеллекттің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып таныстырылды.
Ашылу салтанатынан соң семинарға қатысушылар төрт топқа бөлініп,мектеп ұстаздарынан құралған бағыттаушы (гид) жол көрсетуімен тәжірбиелік алаңдарда жалғасын тапты.
📍Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау «Білім беру: Жаңа платформалар–жаңа мүмкіндіктер алаңында бастауыш пәндер бірлестігі мұғалімдері түрлі жаңа платформалар мен оқушылардың ғылым жолындағы нәтижелі ізденіс жұмыстарымен таныстырды;
📍”Құндылықтар мен құзіреттілікке негізделген білім” алаңында тарих пәні мұғалімі Тумышева Толқын Бітімбайқызы “Тарих пәнін оқытуда Genially, Shyraq Ai платформаларының тиімділігі” тақырыбында шеберлік сағатын көрсетсе, үйірме жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Орақ Ақмарал Сайлауқызы “Телемост:ағылшын тілін сөйлетуде өзге ұлт өкілімен байланыстың тиіміділігін өзге ұлт азаматымен онлайн байланысқа шығып тілдестірді.
📍 «Ғылымға қадам – жаңалыққа бастар жол»жобалар керуенінде математика,қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі,химия,биология,физика,робототехника пәндерінен жүлделі орынға ие болған ғылыми жобаларын оқушыларымыз таныстырып өтті;
📍 «Көркемдік кеңістік – бала жанының айнасы» алаң аясында оқушыларымыздың облыстық,республикалық жетістіктері бұрышы жасақталып,спорт сүйер оқушыларымыз түрлі ойындардың техникаларын айтып,қонақтарға жаттығу алаңындағы дайындықтарын көрсетті. Ал,арт студия,технология кабинеттерінде шығармашылық жұмыстарын,тігін машиналарымен, станоктармен, арт-студия құрылғыларымен жұмыстарының нәтижесін ұсынды.
Алаңдар жұмысы аяқталған соң, шағын жинақты мектептермен практикалық сабақ көрінісі”бөлімінде
📍«Шағын мектеп: Ынтымақ, ізденіс, ілгерілеу» (Биология пәні мұғалімі-Дабылова С.Ж., химия пәні мұғалімі-Раушанова О.М., физика пәні мұғалімі-Дүйсеғалиева А.Т магниттік мектептермен жүйелі жұмысты көрсетті.
📍 Панельдік сессия
Тақырыбы: «Тірек мектебі – ауыл мектебінің даму драйвері»
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы бөлім меңгерушісі Жұбаева Светлана Онаевна, Ойыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұрғазин Доскей Аманғалиұлы, Қандыағаш қалалық №3 МГ директоры Ибрашева Данагүл Дулатовна, мектебіміздің ата-аналар комитеті төрағасы Қойбағаров Серікбай Қойшыбайұлы, үздік оқушымыз Шығырбаева Гүлзейнеп қатысып • Тірек мектептердің ауылдағы білім сапасын арттырудағы үлесін көрсету
* Серіктес мектептермен байланыс моделін талқылау
* Қатысушылар арасында тәжірибе алмасу және ұсыныс жинау мақсатында қойылған сұрақтарға жауап беріп,өзара пікір алмасты.
📍Тірек мектептер мен ауыл мектептерінің ортақ өрлеуін бейнелейтін «Тірек. Тәжірибе. Түлеу» яғни, «Тірек – жүйе», «Тәжірибе – іргетас», «Түлеу – болашақ» идеясы негізінде семинардың кері байланысы алынып, өз іс-тәжірибиесін көрсеткен ұстаздарымызға алғыс хаттар табысталды.
