Мамыр айының 19-жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында баса айтылған "Туған жер" бағдарламасын қолдап, елжанды, жұртын сүйген азаматтардың жəне Ойыл қазақ орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен "Білім бастауы - мектебің шақырады" атты түлектермен кездесу мерекелік жиыны өтті.
Туған жердің əр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен алтын бесігін бір сəт естен шығармай, мəңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Акцияда өз жеріне деген, Отанына деген сүйіспеншілігін білдіріп, 100-ге жуық түлектер, қамқоршылық кеңес төрағасы Қалниязова Т, кеңес мүшелері Жүмбергенов Ғ, Дүйсенғалиева Ə жəне Қисықова Н, Еркінова М, Шотанова А сынды ардагер ұстаздар мектепке ат басын тіреді.
Мектеп табалдырығын аттай бере "Қош келдіңіздер!"- деген озат оқушылар қатарының қуанышты үнімен басталған шара барысы 1984-2017 жылдар аралығындағы түлектер шеруіне ұласты. Мектептің 2005ж жəне 2012ж түлектері Ибағұлқызы Ж мен Сисенбаев С соққан күміс қоңырау үні балдəурен балалық шақты еске түсіргендей болды.
Түлектер өздерінің жүрек жарды лебіздерін мектеп ұжымының осы шараға арнап отырғызған "Тілек ағашына" жазып қалдырды.
Өткен күнге шолу жасалып, салтанатты дабыл үнімен түлектердің рапорты қабылданып, "Мектебім мəңгі жүрегімде" атты алау салтанатты түрде жағылды. Жиын соңы мектеп оқушыларының заманауи флешмобына ұласты. Қонақтар оқушылық кезін еске алып, мектеп бөлмелерін аралап, өздеріне арналған мерекелік концертті тамашалады. Оқушылардың сыңғырлаған əуезді əндері мен буынсыз бишілерінің өнері жəне мектеп жастарының ұсынған замана ағымының өзгерісін сипаттайтын музыкалық қойылымы қонақтардың көңілінен шығып, қосыла əн шырқатты. Мектеп сыртындағы алаңқайда ұйымдастырылған спорттық шаралар: футбол, волейбол ойындарына əр жылғы түлектер белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кеш соңы түлектерді марапаттау рəсіміне жалғасты.
Туған жер - əр адамның түпқазығы. Ауыл - тамыры тереңге жайылған қазақы дəстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы. Акция барысында сол алтын орданың қадірі мен қасиетін аспандатқан, асқақтатқан мектеп түлектері мен мектептің ата-аналар қоғамдастығының атымтай азаматтары Елбасы саясатын берік қолдайтындарын істерімен дәлелдеді.Атап айтқанда: Дүзмағанбетов С, Нұрбаев С, Еркінова М, Тоғызбаев Б, Бүркітов Ж, Бейісов Т, Берекенов Қ, Әділханов Б, Нұрымгереев Т, Үмбетов Н, Ермағанбетов Қ, Раушанов Д сынды азаматтарға ел болашағы-жас ұрпақтың дамуына қосқан үлестері үшін мектеп ұжымы атынан айтар алғысымыз шексіз! Елбасы мақаласы болашақтың бағдарын айқындады, рухани жаңғыру жолын белгіледі.Ендеше, "Туған жер" бағдарламасы арқау болған құндылықтарды игере білу, насихаттау-азаматтық парызымыз.