08 Желт 2020
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиеваның құттықтауы!

Соңғы қоңыраумен құттықтау.

 

Құрметті түлектер!

Бүгін барлық балалар үшін мектеппен қоштасуға арналған айтулы мереке болғандықтан сіздерді соңғы қоңыраумен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.


Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға шын көңілден тілектеспін. Ал мектепті сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.


Сіздер бүгін үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет -деп Ел басымыз айтқандай , бұл – рухани жаңғыруымыздың басты негіздерінің бірі.


Үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат болыңыздар. Сонымен қатар мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарыңызды қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға тырысыңыздар. Бір сөзбен айтқанда еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын халқымыздың елеуліде қалаулы азаматтары болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.


Ізгі тілекпен: Бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева

Пайдалы ақпараттық ресурстар