08 Желт 2020
Жаңалықтар

30 жылдан кейінгі кездесу.

Кешегі мектебіміздің түлектері туып - өскен, тәлім – тәрбие алған өңірлері көркейіп, өркендеуіне өз үлестерін қосып, перзенттік парыздарын өтеу мақсатында 9 мамыр күні 1988 жылғы түлектер өз ауылдарына сағынышпен  келіп, үлкен өмір жолына жолдама берген алтын ұя мектебіне де келді. Түлектерге арнап мерекелік кеш өткізіліп, «Балалық шаққа саяхат» атты видеоролик көрсетілді.


Мерекелік кеш барысында түлектермен түрлі ойын ойнатылды. Соның ішінде пән мұғалімдерін еске алу мақсатында ұйымдастырылған ойында түлектеріміз өздерінің еске алу қабілеттерінің мықты екен дәлелдей білді. Себебі, барлық пәнді атасақ та тежелмей пән мұғалімінің аты-жөнін айтып отырды. Бұл кешке 1988 жылғы түлектермен бірге алғашқы ұстазы және сынып жетекшісі де келген болатын. Жұмазия апай мен Гүлзада апай өз тілектерін білдіргенде 1988 жылғы түлектердің қызықты сәттерін, мектепте өткізген уақыттарын сағынышпен еске алды. Кеш соңында түлектер өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, алғашқы ұстазы мен сынып жетекшісіне ақ жаулық жауып, камзол кигізіп, жайқалған гүл сыйлады. Сонымен қатар  «Туған жерге тағзым акциясы" негізінде мектеп жанындағы шағын орталыққа кілем және ойыншықтар, ауылымызға стелла қондырып берді. Өз ауылдарының заман талабына сай жаңғыруына өз қолтаңбасын қалдырған 1988 жылғы түлектерге алғысымыз шексіз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар