08 Желт 2020
Жаңалықтар

Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында түлектер форумы өтті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» жобасына байланысты Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында  2018 жылдың 5 мамырында түлектермен кездесу өтті. Сан мыңдаған түлектерін өз үясынан ұшырған мектебіміз өз түлектерін құшақ жая қуана қарсы алды.


Бүгінгі таңда Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» демекші, мектеп түлектері бүгінгі таңда еліміздің қарыштап дамуына үлкен үлесін қосып жүр. Кездесуге келген түлектер ішінде осыдан 50 жыл бұрын 1968 жылы мектеп бітірген медицина ғылымдарының кандидаты, хирург Б.Сұлтангереев, Қарағанды көмір бассейінінде жұмыс жасаған кенші Ф.Ахметжанов, ауылшаруашылық  мамандары: А.Мұраталиев, М.Толыбеков,қазіргі кезде республикалық «Казавтожол» мекемесіңнде басшылық қызметінде еңбек етіп жүрген Н.Өмірбаев және  жан- жақта  түрлі абыройлы қызмет атқарып жүрген түлектеріміз келді.Мектеп –гимназия ұжымы салтанатты жиын ұйымдастырып, қонақтар Ш.М.Бекмұхамбетованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Түлектер мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытында өздерінің мамандықтарының қыр-сырларына тоқталып, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Уақыт талабына сай техникалық мамандықтарды таңдауға шақырды. Сонымен қатар мектеп тарихынан сыр шертетін түлектерге арналған мұражай ашылып, сол жылдардағы естеліктермен толықтырылды. Мұражайды А.Мұраталиев салтанатты түрде ашып, өз ризашылығын білдірді. Биылғы жылы қанат қағып, ұшқалы отырған түлектермен бірлесе отырып, мектеп ауласына 10 түп тал екті. Бұл да игіліктің бастамасы. Ұрпақтар сабақтастығы мен жалғастығын білдіргендей...


Мектеп әкімшілігі «Туған жерге тағзым» акциясы шеңберінде 820 түлекпен  тығыз байланыс жасап келеді.Осы кездесуде түлектер 700 мың теңге көлімінде демеушілік көрсетті. «Бүгінгі мектеп түлегі- ертеңгі ел тірегі» екенін дәлелі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар