Ойыл ауданы Амангелді ОМ базасында, 2017 жылдың 24 қарашасында бастауыш класс мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинар мақсаты: білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында оқушылармен бірлесе жұмыстар жүргізе отырып танымдық қабілеттерін ашуға бағытталған. Жаңа форматты оқытуда мұғалімдер белсенді оқыту әдістерін жан жақты дұрыс пайдалана білді. Критериалды бағалау, АКТ-ны қолдану тиімділігі тақырыптарында коучингтер өткізу мұғалімдерге көп көмегін тигізді.
Бөлім әдіскері Л.Оразова