«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алушылар
үшін
2017 жылдың 19 маусымынан бастап Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызметті Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті жүзеге асыра бастады.
Апостиль дегеніміз шетелдік ресми құжаттарды мемлекеттерді тану үшін құжаттарды заңдастыру тәртібі қарастырылған, яғни бұл құжаттардың қолданылуын растау.
Апостиль-құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түснұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
Қазақстан Республикасы Конвенцияға «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы №11-ІІ Заңының негізінде қосылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында келтірілген мәліметке сәйкес, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Гаага Конвенциясы» еліміздің аумағында 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді.
Шетелдік ресми құжаттарды мемлекеттерде тану үшін құжаттарды заңдастыру тәртібі қарастырылған, яғни бұл құжаттардың қолданылуын растау.
Бұл процедураны жеңілдету мақсатында 1961 жылы 5 қазан күні Гаагада қатысушы-мемлекеттермен Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарының күшін жою туралы Конвенцияға қол қойылды. Қазақстан Республикасы Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға 2001 жылы қосылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 сәуір №)
2017 жылдың 19 маусымынан бастап білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменті көрсетеді.
Құжаттарды заңдастырудың негізгі екі түрі бар - "Апостиль" мөртабанын қою мен консулдық заңдастыру. Заңдастыру түрін таңдау құжаттың тапсырылатын елге, яғни ондағы ресми органдарға байланысты болып келеді.
"Апостиль" 1961 жылы 5 қазан күні Гаага конвенциясына қосылған елдерге құжаттарды жіберу үшін қолданылады. Ол консулдық заңдастыруды талап етпейді және жеңілдетілген заңдастыру "Апостиль" мөртабанын қою процедурасын енгізеді. Апостиль-құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіліктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түснұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Жеңілдетілген заңдастыру деп аталуының себебі, бір жағынан апостильдеу тез және бір ғана уәкілетті органмен жасалады. Екінші жағынан, құжат Гаага конвенциясына қосылған барлық елдер аумағында заңды күшке ие болады, яғни мемлекет аталмыш Конвенцияны мойындаса, әр құжатқа апостиль қою жеткілікті. Құжаттарды заңдастыру баруға жоспарланып отырған елмен байланысты болып келеді.
Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага Конвенциясына мүше-елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түснұсқалылығы мен дұрыс рәсімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Апостиль Гаага конвенциясының қатысушысы ретіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан (мекемелерінен), лауазымды адамдарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түснұсқаларында қойылады.
Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильді қою үшін өзге егеменді мемлекеттердің (КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың) мемлекеттік органдары (мекемелері), лауазымды адамдарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түснұсқаларында қойылады.
Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильді қою үшін өзге егеменді мемлекеттердің (КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың) мемлекеттік органдары (мекемелері), лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттары қабылданбайды.
«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап: Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы және портал үшін 5 (бес) жұмыс күні; басқа аймақтардағы Мемлекеттік корпорация үшін – 15 (он бес) жұмыс күн.
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі (0,5 АЕК)
Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою келесі құжаттар толық тапсырылған жағдайда жүзеге асырылады:
Ақтөбе облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің бөлімдері арқылы:
-
өтініш;
-
жеке куәлігін растайтын құжат (салыстыру үшін);
-
апостильдеуге ұсынылған құжат (түпнұсқа);
-
мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа).
Портал арқылы:
-
электронды түрдегі сұраныс;
-
апостильдеуге ұсынылған құжаттың электронды көшірмесі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға Ақтөбе облысының тұрғындары үшін апостиль қою қызметін Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) жүзеге асырады. Департаменттің мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, инд.03002, Н.Қобыландин көешсі, 10 үй. Департаментте жүзеге асыратын маман: Кемешов Аскар Жайлыбаевич, қызмет телефоны: 8 7132 96-01-28, ұялы тел: 87711186706.
Басқа да мәліметті Департаменттің http://www.aktobecontrol.gov.kz/ сайты арқылы білуге болады.
Ойыл аудандық білім бөлімі.