19 мамыр күні Ж.Жүсібәлиев қазақ орта мектебі базасында Ойыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршаға ортақ іс» тақырыбында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық слеті өткізілді.
Слетке «Нұр Ортан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е.Ж.Жиеналин, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.М. Тлепов білім беру саласының қызметкерлері (мектеп басшылары, мектеп директорының тәрбие орынбасарлары, тәлімгерлер) оқушылар қатынасты.
Аталған шараның мақсаты - оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, белсенді ұйымшыл болуға, жаңа бастамаларды орындауға тәрбиелеу. Ойыл ауданында 20 мектепте «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс істейді. Оған 1624 –ге жуық оқушы мүше.
Шара барысында құрметті қонақтар Е.Мырзабайұлы мен Е.Жұмағазыұлы оқушыларды құттықтап, Еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, ұлттық және азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының алатын орны зор екендігі айтып өтті.
Сонымен қатар, слет кезінде «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында үздік эссе жазудан, сурет салудан, асық атудан клуб мүшелері арасында өткен сайыс жеңімпаздары алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.Слет соңы оқушылардың ән-шашуымен аяқталды.Шара қатысушылары бір-біріне тілек білдіріп, егеменді еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, тәуелсіздік туын әлемге танытатын адал ұрпақ болатынына сенім білдірді.