Ойыл ауданы әкімдігінің аудан мектептері және Ойыл аграрлық колледж оқушыларымен 2016-2017 оқу жылында оқу-далалық (лагерьлік) жиынын өткізу туралы 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 86 қаулысын орындау мақсатында, 03-07 мамыр күндері аудандық білім бөліміне қарасты 13 орта мектеп және Ойыл аграрлық колледж 2 курс оқушылары арасында оқу-далалық жиыны ұйымдастырылып өткізілді.
7 мамыр күні аудан орталығында әскери шеру өтіп шеруге аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері, № 14 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері және ОДЖ мектеп оқушыларымен Ойыл аграрлық коледж студентнрінің ұл, қыздары салтанаты саппен өтті. Бес күндіктің қорытынды жабылуында Әскери-патриоттық шарада жеңімпаз, жүлдегер болған оқушылармен АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларына аудан әкімі Бұлбұл Күзенбаева, аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығының және аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен, алғысына бөленді.