10 Желт 2020
Меценаттар

Салфиков Талғат Маратұлы

Кәсіпкер, «АНВАР» ЖШС бас директоры, Облыстық мәслихат депутаты.

Талғат Салфиков 1962 жылдың 1 қарашасында Ақтөбе обылысы Ойыл ауданы Ойыл ауылында 4 ұл мен 3 қызы бар үлкенжанұядаөміргекелді.

1981 жылы Семей қаласындағы тер іжәне жүн техникумына түсіп, 1983 жылы тауар танушы мамандығын игерген. Техникумды бітіргенсоң 10 жыл бойы көтерме азық-түлік қомасы базасында жүн-тері тапсыру тобының басшысы болып қызмет еткен. 

1990 жылдары, елімізде түбегейлі өзгерістер басталған заманда, өзінің кәсіпкерлік кеыңғайы бар екенін сезіп, өз мүмкүндігін бизнес саласынан көруге бел буған. Осылайша  1993 жылы наурызайында «АНВАР» ЖШС құрып, басқаруғаалған. Бүгінгітаңда «АНВАР» ЖШС бас директоры.

2001 ж. басқарганкомпаниясы Женева қаласында «Сапа алтын жұлдызы» халық аралық сыйлығымен марапатталды.

2003 ж. Нью Йоркте платина категориясындағы «Сапа жұлдызы» иегері атанды. 

2004 жылы Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атағына ие болды.

Ел экономикасына үлесін қосқаны үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанының 10 жылдығы» мерекелік медальдармен және 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғысхатымен марапатталған.

2008 жылы Маскеу қаласында Кәсіпкерлікті кеңейту Когамдық кеңесімен «Достастық» «Достастык Жұлдызы» коғамдық сыйлықтың иегірі атанды.

2009 жылы Қазақстан экономикасына сіңірген ерең еңбегі үшін мемелекеттік наградасы «Құрмет» Орденімен марапатталған.
Жанұясында жұбайы мен бірге екі ұл асырайды. Бос уақытында спортпен шұғылданады.

2012 жылы — №27 Ойыл сайлау округінiн депутаты болып сайланды. Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебіне 2014-2016 оқу жылдарында 4 500 000 (төрт жарым миллион) теңге көлемінде сыйлықтар сыйға берілді.

2020 жылы16 млн тг қаржыға  салынған аудандық балалар музыка мектебі жас өнерпаздар даярлайтын қосымша білім беру орталығының бой көтеруіне мұрындық болды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар