10 Желт 2020
Меценаттар

Нұршин Қанат Қуанышұлы

 

1976 жылы 22 қазанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл селосында туған. Қазақ. Әкесі - Нұршин Қуаныш Мақуұлы, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сақтандыру агенттігінің директоры. Анасы - Өтеғалиева Әнет Өтеғалиқызы, Ақтөбе облысы Жилянка кенті емханасының көз дәрігері. М. Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясының теміржол, жолдар салу және жол шаруашылығы факультетін (1998) бітірген, жол қатынасы инженері- құрылысшысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1998 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың қазанына дөйін - «Ақтөбе геофизикалық экспедициясы» АҚ жұмысшысы. 2000 жылдың сәуірінен 2001 жылдың қаңтарына дейін - Ақтөбе қаласы «№5 құрылыс-монтаж поезі» ААҚ өндірістік- техникалық бөлімінің технигі. 2001 жылдың сәуірінен қазанына дейін - Ақтөбе қаласы «Азимут Энержи Сервисез» ААҚ 3-ші разрядты жұмысшысы. 2002 жылдың тамызынан - Ақтөбе қаласы «Теміржолқұрылыс»ААҚ Хромтау филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің инженері. 2005 жылдың мамырынан - Ақтөбе облысы қала салу және қурылыс сәулеті департаменті техникалық бөлімінің бастығы. 2006 жылдың қаңтарынан - Ақтөбе облысы құрылыс департаменті техникалық бөлімінің бастығы; 2008 жылдың маусымынан - департамент директорының орынбасары. 2009 жылдың мамырынан бері - Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының бастығы. құрылыс істері агенттінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2009). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - спорт, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жүбайы - Нуршина Елена Александровна, кәсіпкер. Ұлдары - Нұршин Жарас Қанатұлы (2003 жылы туған); Нұршин Олжас Қанатұлы (2005 жылы туған)

Пайдалы ақпараттық ресурстар