Шункеев Қуанышбек Шункеұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ф.-м.ғ.д., профессорі, Ойыл ауданы Ойыл селосында 1955 жылы жылы туған, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Эстонияның Тарту университетінің физика институтында ғылыми мектептен өткен, Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» ғылыми дәрежесі мен грантының иегері, «Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы», Қазақстанның батыс өңірінде қатты дене физикасы саласындағы физик-экспериментшілер ғылыми мектебінің негізін қалаушы. Қазақстан Республикасы БҒМ ғылымның басым бағыты бойынша 3 ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі болып табылады. Оның жетекшілігімен физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге 8 диссертация, PhD докторы ғылыми дәрежесін ізденуге 1 диссертация қорғалды, 1 докторанттың (PhD) ғылыми жетекшісі болып табылады. 2 монографиясы, 2 оқулығы, 4 патенті және 270-ден астам жарияланымы бар. Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінен (АРТА) Қазақстан Республикасы ЖОО-ны ранжирлеу әдіснамасының авторы.