Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысының білім басқармасы
Ойыл ауданының білім бөлімі» ММ

ГУ «Отдел образования Уилского района
Управления образования Актюбинской области»

МЕНЮ

2023 жылдың 20 ақпаны күні Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» атты жас педагогтердің VІ Республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.Байқаудың мақсаты: жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін көтеру,  шығармашылық белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау. Аудан мектептері арасынан байқауға 13 жас маман қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылардың барлығы өз шеберліктерін ортаға салып, барша мүмкіндіктерін қолданып, байқауға жауапкершілікпен ат салысты. Ережеге сай алдын ала байқауға дейін онлайн форматта "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" тақырыбындағы эссе жазып, "Шығармашылық жолдың бастамасы" тақырыбында таныстыру презентациясын ұсынып және осы мектеп базасында өздерінің түрлі әдіс-тәсілдері мен интернет платформаларын қолдана отырып дайындаған ашық сабақтарын көрсетті. Байқауға қазылық етіп, әділ бағасын берген қазылар алқасы мүшелерінің қорытындысы бойынша

🔹 Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.А.Сапарова бас жүлде;

🔹 Қарасу негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Қ.Мұқышев І орын;

🔹 Жақсыбайкөл негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.А.Жолдасова ІІ орын;

🔹 Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.С.Жубанышбаева,

🔹Жамбыл мектеп-балабақшасының математика пәнінің мұғалім Ж.Б.Құттығалиев ІІІ орын иеленді.

Барлық қатысушылар аудандық білім бөлімінің басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды. Аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, бас жүлде иеленген жас маманға "Үздік жас маман 2023" төсбелгісі мен лентасы және Түркістан қаласына туристік саяхатқа сертификат табысталды. Ойыл ауданының білім бөлімінің атынан барлық қатысушыларға алғыс айтып, жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы қызығы мол, жауапты еңбек жолдарына шығармашылық табыстар тілейміз!

© 2024 Ақтөбе облысының білім басқармасы
Ойыл ауданының білім бөлімі» ММ ГУ «Отдел образования Уилского района
Управления образования Актюбинской области»